Сайлау: Жұлдыздар де белсенді дауыс беруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттарының сайлауына халықтың белсенділігі жоғары.

 Сайлау: Жұлдыздар де белсенді дауыс беруде

Бүгін сағат 16-00-дегі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 71,78 пайызы дауыс берген.

Сонымен қатар, еліміздегі маңызды саяси оқиғадан отандық эстрада және спорт жұлдыздары да шет қалмады. Олар өздерінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында пікірлерін білдіріп, фотоларын жариялап жатыр. Мәселен, Олимпиада чемпионы, әйгілі велошабандоз Александр Винокуров Инстаграмдағы жеке парақшасында өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, таңдауын жасағанын растайды. «268 сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық борышымды атқардым! Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын. Болашағымыздың жарқын болуы өз қолымызда! Мен бүгін бірлік, тұрақтылық пен жасампаздық үшін таңдау жасадым!», - деп жазды А. Винокуров.

Ал қазақстандық танымал боксшы Серік Сәпиев Астанадағы 89-сайлау учаскесінде өз дауысын беріп, таңдауын жасаған. «Көтеріңкі көңіл-күймен келдім. Түске дейін адам көп болады, сондықтан әдетте ылғи түстен кейін дауыс беремін. Мен жарқын болашағымыз үшін дауыс бердім», - деп жазады боксшы Серік Сәпиев.

Ал Мәжіліс депутаттығына кандидаттың бірі әнші Қайрат Нұртас та өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырған. Ол инстграмдағы жеке парақшасында сайлауға дауыс беріп жатқан сәтін суретке түсіріп жариялаған.