Сайлауалды жұмыстар штаттық режімде жүріп жатыр - халықаралық байқаушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылардың кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бақылауымызша, сайлауалды жұмыстар штаттық режімде талапқа сай жүріп жатыр. Бүгін - тыныштық күні, бірақ бұған дейінгі жұмыс нәтижелері көрсеткендей, сайлау заңнамасы бұзылған жоқ. Негізгі жұмыс ертең басталады. Біз ТМД-ның 7 елінен 37 байқаушы келдік. Барлығымыз теңдей сайлау учаскелеріне бөлініп, жұмыс істейтін боламыз. Яғни, тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, біздің байқаушылар басқа өңірлерде де жұмыс атқарады», - деді ТМД парламентаралық ассамблеясы тобының үйлестірушісі Ильяс Умаханов ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, Өзбекстан Республикасы Мәжілісінің Олий палатасының депутаты, халықаралық байқаушы Нурия Айтжанова да ертеңгі өтетін президент сайлауына қатысты өз пікірін білдірді.

«Қазақстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Өзбекстаннан 54 байқаушы келді. Оның 20-дан астамы өңірлерде жұмыс істеп жатыр. Өзбекстандық байқаушылар құрамында ТМД парламентаралық ассамблеясы мен ЕҚЫҰ мүшелері бар. Байқаушы ретінде айтарым - сайлауға дайындық жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Сол сияқты барлық кандидаттарға тең мүмкіндік жасалған. Ол халықпен кездесу кезінде де және БАҚ-та үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі барысында да байқалды», - деді Н. Айтжанова.

Соңғы жаңалықтар