Сайлауда 9 791 165 қазақстандық дауыс береді деп күтіліп отыр - ҚР ОСК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлауда 9 791 165 қазақстандық дауыс береді деп күтіліп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

«Учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленді, ол еліміздің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілді.
Учаскелік сайлау комиссиялары барлық қажетті құжаттармен және жабдықпен қамтамасыз етілген. Сайлау бюллетеньдері сайлау учаскелеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта дауыс беру күніне белсенді дайындық жүруде», - деді Б.Мелдешов.
ҚР ОСК хатшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта сайлаушылар тізімдерін нақтылау процесі жалғастырылуда. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімдеріне 9 791 165 адам енгізілді.
«Сайлау күні сайлаушы еліміздің кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруі үшін алдын ала дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу қажет. Сайлаушылар оны 19 наурыз күнгі сағат 18.00-ге дейін ала алады. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келген сайлаушыларға берілмейтінін атап өтемін. Өйткені, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда еліміздің барлық аумағы сайлау округі болып табылады, сондықтан осы сайлауда есептен шығару куәлігі бар сайлаушылар еліміздің кез келген нүктесінде дауыс бере алады. Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға өз сайлау округі шегінде ғана дауыс беруге болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар