Сайлауда арыз-шағымдар болған жоқ - ШЫҰ байқаушылар миссиясы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Байқаушылар миссиясының басшысы Владимир Норов ҚР Президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес, тіркелген кандидаттарға сайлауалды үгіт жүргізу үшін бұқаралық ақпараттық құралдарына бірдей қолжетімділік шарттары берілді. Миссия сайлау кампаниясы аясындағы шаралар ҚР заңнамасына сәйкес, ашық, азаматтарға кеңінен ақпарат бере отырып жүргізілді, БАҚ-та жан-жақты әрі толық хабарланды деп санайды», - дейді Владимир Норов.

Сонымен қатар миссия жекелеген бұзушылықтарды тіркеді. Спикердің айтуынша, олар жаппай сипатқа ие болған жоқ, сайлаудың нәтижелеріне де ықпал ете алмайды.

«Кезектен тыс Қазақстан Президенті сайлауы ҚР заңнамасына, мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес болды. Миссия кезектен тыс сайлаудың заңдылығына күмән келтірерліктей ұлттық заңнаманың бұзылуын тіркеген жоқ», - деді В. Норов.

Байқаушы миссияның осы сайлау ашық, демократияшыл әрі сенімді өтті деп мойындайтынын жеткізді. Оның айтуынша, сайлаушылар интернетке, соның ішінде әлеуметтік желілерге еркін кіре алды.

«Миссия мынаны ерекше атап көрсетеді, ОСК кезектен тыс ҚР Президент сайлауы бойынша сайлау кампаниясына қатысты ақпаратты жариялау кезінде заңнаманың сақталуын мұқият бақылап отырды. Миссия жұмыс істеген кезеңде оған БАҚ-тың үгіт кампаниясын хабарлап отыру жұмысына қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ. Сайлаушылар өздеріне қолайлы кезде өтінім білдіру мүмкіндігіне ие болуы үшін азаматтардың өтінімдерін қабылдау уақыты барынша ұзартылды», - дейді В. Норов.

Автор: Азамат Сыздықбаев

Соңғы жаңалықтар