Сайлауда белсенділік танытып, барша елдің кемел келешегі үшін дауыс береміз - Мәскеудегі Қазақстан азаматтары

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Барша елдің кемел келешегі үшін дауыс беру - қазақстандықтардың белсенділік танытатын ең маңызды күні.

Сайлауда белсенділік танытып, барша елдің кемел келешегі үшін дауыс береміз - Мәскеудегі Қазақстан азаматтары

Еуразиялық экономикалық комиссия бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Бекботаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен осындай пікірмен бөлісті. Олар барша отбасымен бірге Мәскеудегі №215 сайлау учаскесіне келді. Өздерінің азаматтық парыздарын орындап, ҚР Президентінің сайлауында дауыс берді.

«Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы - қазақстандықтар үшін аса маңызды. Сондықтан бүгін отбасымызбен бірге балаларымыздың келешегі үшін Қазақстанның гүлденуі, дамуы және жарқын болашағы үшін дауыс бердік», - деді ол.