Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады – Ерлан Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін Президент сайлауы елдің одан әрі даму жолдары туралы жаңа мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Бүгін сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Жалпы, президенттік сайлау жарияланған сәттен бері сайлау науқаны шамамен үш айға созылды. Бұл сайлау елдің одан әрі даму жолдары туралы жаңа мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Бірақ сайлау науқанынан бөлек, алдағы сайлаудың аса маңызды міндетін де ұмытпау керек. Осы жексенбіде нақты бір кандидатқа дауыс беру ғана жүрмейді, қазақстандықтар маусым референдумында конституциялық контурларын бекіткен мемлекеттік құрылымның жаңа, анағұрлым демократиялық моделі іске қосылады», - деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында.

Конституциялық реформаны заңнамалық қамту мақсатында қабылданған заңдардың да бүгін күшіне енуі символдық тұрғыда маңызды.

«Мемлекеттік институттарды қайта жаңғыртудың келесі кезеңі – 2023 жылдың бірінші жартысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауы болады. Нәтижесінде жаңа, түбегейлі басқа саяси жүйе қалыптасады. Осылайша, 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін елімізде жүргізіліп жатқан барлық саяси реформалар саяси жаңғырудың бірыңғай платформасына жинақталады», - дейді Е. Қарин.


Соңғы жаңалықтар