САЙЛАУДЫ КЕРЕК ҚЫЛМАЙТЫН АДАМДАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ - ПРЕЗИДЕНТ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау жүйсін жетілдіруге тоқталған Президент: «Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз. Біз осыдан 15 жыл бұрын конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмеу сайлауға көштік. Ал 2018 жылдан бастап мәслихаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда оның жағымсыз тұстары да байқалды. Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейгенін атап өтті.

«Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар