Сайлауды қолдау мақсатында «Біз қолдаймыз!» атты жастардың ынталы тобы құрылды

АЛМАТЫ. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Бүгін Алматыда алдағы болатын президенттік сайлауды қолдау мақсатында «Біз қолдаймыз!» атты жастардың ынталы тобы құрылды.

Сайлауды қолдау мақсатында  «Біз қолдаймыз!» атты жастардың ынталы тобы құрылды

Топтың мақсаты - жастарды өз кандидатын қолдауға және Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға тарту болып отыр.

«Сайлауға қатысу бұл Конституцияда жазылғандай, әрбір азаматтың құқығы ғана емес, сонымен бірге, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Елімізде 18-29 жас аралығындағы жастар барлық тұрғындардың үштен бір бөлігін қамтитындығы және қай салада болмасын қозғаушы күш екендігі баршамызға мәлім. Алайда, жастар сайлау науқанында өз еркін білдіруде белсенділік таныта алмайды. Сол себепті, өзіміздің ең басты, қозғаушы күш екендігімізді көрсетейік. Жастар сайлауға қатысып өз үміткерімізді қолдайық!» - деді топ мүшелері.

Жиын соңында «Біз қолдаймыз!» ынталы тобының жастарға арналған Үндеуі қабылданды.