Сайлауға қатысты ОСК-ге келіп түскен барлық өтініштерге уақтылы жауап берілді - Қ.Тұрғанқұлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысты келіп түскен барлық өтініштерге уақтылы жауап берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Сайлауға қатысты ОСК-ге келіп түскен барлық өтініштерге уақтылы жауап берілді - Қ.Тұрғанқұлов

Электораттық науқан басталғаннан бері ҚР ОСК-ға жеке және заңды тұлғалардан 25 өтініш келіп түскенін атап өткен Қ.Тұрғанқұлов: «Олардың 52 пайызы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнінде, 48 пайызы мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде болды», - деді.
Сонымен қатар, оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясының электрондық мекенжайына 10 өтініш жолданған. «Олардың 9-ында сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіру талап етілсе, тағы біреуі сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты болды. Барлық өтініш иелеріне уақтылы жауаптар қайтарылды», - деді Қ.Тұрғанқұлов.