Сайлауға үй жануарларын алып баруға бола ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова «Дауыс беруге үй жануарларын алып баруға бола ма?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Дауыс беру күні сайлау учаскесіне итпен келуге тыйым салынады, өйткені біздегі сайлау учаскелерінің басым бөлігі оқу орындарында орналасқан. Үй жануарларын оқу орындарына кіргізуге болмайды. Сондықтан, дауыс беру күні сайлау учаскесінде ешбір қиындық болмас үшін үй жануарыңызға алдын ала қам жасағаныңыз жөн. Сондай-ақ үй жануарларын серуендету ережелері де бар»,- деп жауап берді Жанна Асанова журналистердің сұрағына.Сонымен қатар ол сайлау учаскелерінің барлық мүшелері стандартты емес ықтимал жағдайларға дайын болуы керектігін айтты.
Бұған дейін тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 20 қараша күні 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейтіні тұралы жазған едік.
Айта кетейік, мегаполисте 1 миллион 170 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.


Соңғы жаңалықтар