«Сайлаумэн» қарағандылықтарды дауыс беруге шақыруда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық бағдарламашылар президенттік сайлау алдында «Сайлаумэн» (SAILAUMAN) атты ақпараттық-анықтамалық жоба құрастырды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлаумэн» қарағандылықтарды дауыс беруге шақыруда

Жоба электоралды және сайлау тақырыбында келіп түсетін сауалдарға жауап беруге бағдарламаланған Telegram чат-боты (https://t.me/electionqazbot)

болып табылады. Виртуалды көмекші «Сайлаумэн» чат-боты тұтынушыларға келесідей қызметтерді ұсынады: сайлаудың жүргізілу барысы туралы; өз сайлау учаскеңізді қалай табуға болатыны жөнінде; сайлаушылар, байқаушыларға арналған нұсқаулықтар; алдағы ҚР-ғы сайлауға қатысты басқа да ақпараттық-анықтамалар.

«Сайлаумэн» ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

Telegram-ғы чат-ботқа қосымша ретінде бағдарламашылар Instagram (https://www.instagram.com/sailauman/) әлеуметтік желісіндегі платформада да «Сайлаумэн» нұсқасын қарастырған. Аталмыш желіде анықтамалық ақпарат комикстер ретінде жарияланатын болады.

«Құрастырушылардың ойлап тапқан «аңызына» сай, Сайлаумен жуырда 18 жасқа толған және де алдағы президенттік сайлау - оның қатысқалы отырған алғашқы сайлауы. Кейіпкер сайлау процесіне қатысты барлық материалдармен танысып, көптеген ақпарат жинаған, енді сол білген-түйгендерін достарымен Telegram арнасында және өзінің Instagram парақшасында бөлісуге дайын. Өзі үлгі бола отырып, виртуалды көмекші жастарды сайлауға қатысуға ынталандыруға, сондай-ақ сайлау және сайланған азамат болу мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесінің іргетасы болып табылатынын және де дауыс беру маңызды, жауапты және күрделі емес әрекет екенін түсіндіруге тырысады», - делінген аймақ әкімдігінің мәліметінде.

«Сайлаумэн» қазірдің өзінде желілерге қосылған. Instagram желісіндегі жазылушыларының саны 20 мыңнан асқан және де ол сайлау туралы сауалдарға тәуліктің кез келген уақытында жауап беруге дайын.