Сайлаушылар 54,19% қатысты – алдын ала қорытынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлаушылар 54,19% қатысты – алдын ала қорытынды

Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 22:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 57,2%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,1%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 58%

4. Алматы облысы бойынша – 60,3%

5. Атырау облысы бойынша – 51,23%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%

11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,1%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

«Аумақтық комиссиялардың ақпаратына сәйкес, астана уақытымен сағат 22-00-де тізімдерге енгізілген 12 млн 35 578 азаматтың 6 млн 521 860-ы бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды», - деді Константин Петров.