Сайлаушылар Үкіметтен мемлекеттік тілге қайта көшуді сұрап отыр -У. Қалижан
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет ағымдағы жылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, отырыстарды мемлекеттік тілде жүргізіп, Премьер-Министр де, министрлер де Парламентте ана тілінде сөйлей бастап еді. Бұған халық та ерекше ризашылық танытқан болатын. Бірақ, Парламент депутаттары каникулға кетіп еді, Үкімет қайтадан ресми тілге көшіп апты. Осыны байқаған жұртшылық тіл мәселесін тағы да көтеруде, сайлаушылармен кездесулер барысында да соған байланысты алаңдаушылықтарын да білдірді. Бұл мәселені Үкімет басшысына жеткізуді де сұраған болатын. Сондықтан да, сайлаушылардың «Үкімет мемлекеттік тілде сөйлесін, ана тілімізге қайта көшсін» деген аманатын жеткізіп отырмын. Оның үстіне, халық 2009 жылы іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 70 пайыздан 60 пайызға төмендегеніне де алаңдаушылық білдіреді», деді У. Қалижан.