Сайлаушылар үшін Қазақстандағыдай жағдай әлемнің көптеген елдерінде жасалмаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаушылар үшін Қазақстандағыдай жағдай әлемнің көптеген елдерінде жасалмаған. Бұл пікірді бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте РФ Мемлекеттік думасы ТМД істері, еуразиялық ықпалдастық және ШЫҰ желісі бойынша отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Олег Лебедев білдірді.
«Біз бірқатар сайлау учаскелерінде болып, олардың алдағы дауыс беру күніне дайындығын талқыға салдық. Сайлау учаскелері сайлауға шын пейілмен, кәсіби әрі сапалы дайындалған. Сайлау науқаны кезеңінде сайлаушылар үшін осындай жағдай жасайтын елдер қатары әлемде сирек», - деді О. Лебедев.
Сонымен қатар ол алдағы кезектен тыс президенттік сайлау лайықты деңгейде өтетіндігіне сенім білдірді.
«Мен сайлаудың халықаралық стандарттарға толығымен сай келетін Қазақстанның заңнамасына сәйкес еш заң бұзушылықсыз өтуіне тілектеспін», - деді ол.