Саймон Харрис Ирландия тарихындағы ең жас премьер-министр болды

Ирландия
Фото: bbc.com

ДУБЛИН. KAZINFORM – 37 жастағы Саймон Харрис Ирландияның жаңа премьер-министрі болды. Осылайша ол Ирландия Республикасы тарихындағы үкіметті басқаратын ең жас премьер-министр атанды. Бұл туралы ВВС жазды. 

Бұл тағайындау оның алдындағы Лео Варадкардың ресми отставкаға кетуіне байланысты болып отыр. 

Оппозицияның кезектен тыс сайлау өткізуге шақырғанына қарамастан, Харрис өз үкіметі толық мерзімге қызмет етуге ниетті екенін және келесі жылдың наурыз айында жоспарланғандай жалпы сайлау өтетінін айтты. 

Соңғы жаңалықтар