Сайрам-Өгем ұлттық паркінде сілеусіндер көзге түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген жануарлар фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап.
«Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің инспекторлары орнатқан фототұзаққа Түркістан сілеусіндері түсіп қалды.
Аталмыш жануар тек Орталық Азияда ғана мекендейді.
1976 жылдан бастап бұл жыртқышты аулауға тыйым салынған.