Сайрамда 1 500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды
Сайрамда 1 500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды, деп хабарлайды Kazinform Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын.

Бүгінде штаттық кестеге сәйкес, 730 оқушы аталған 9 автобуспен мектепке қатынаса, 805 оқушыны «ЯНС» ЖШС-мен келісімшарт арқылы тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы мектептен шалғайда тұратын 1 535 оқушы автобуспен тегін тасымалдануда.
Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданындағы №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебі, №104 негізгі орта мектебі және №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп гимназиясының шалғайда тұратын оқушылары жаңа берілген автобустармен қатынап жүр.