Сайрамда дәмханада жарылыс болып, 2 адам көз жұмды

САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы дәмханалардың бірінде газ балоны жарылды. Оқиға салдарынан бес жасар бала мен 61 жастағы тұрғын көз жұмып тағы 12 адам күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайрамда дәмханада жарылыс болып, 2 адам көз жұмды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күйіктен көз жұмғандар ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

«5 жасар бала 11 мамырда, ал 1958 жылы туған науқас бүгін қайтыс болды. Қалған науқастар облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылды»,- дейді Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова.nullnull

Айта кетсек, қайғылы жағдай 9 мамыр күні Сайрам ауданындағы дәмханалардың бірінде болған. 50 литрлік газ балон жарылып, тамақтануға келген тұрғындар мен ондағы қызметкерлер күйіп қалған болатын. Қазіргі таңда оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр.

null