Сайрамда өртеніп жатқан ғимарат үстінен туды алған жігіттің әрекеті көпшілікті сүйсінтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сайрам ауданында өртеніп жатқан ғимаратқа шығып, Мемлекеттік Туды алған жігіттің әрекеті көпшілікті тамсандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ержүрек азамат Қансейіт Мұхаммед — Шіркін ауылының тумасы. Қазір Сайрам аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығында қызмет атқарады. Төтенше жағдай тұсында ол шұғыл шешім қабылдап, өртеніп жатқан шатырға шыққан. Будақтаған түтін ішінде тұрып туды алып, төмендегі адамдарға берген. Қансейіттің бұл әрекетін жерлестері видеоға түсіріп алған.

«Жалпы Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і шамамен 425 шаршы метрін өрт шарпыды. Оқиға орнында 8 өрт сөндіру көліктері және 37 жеке құрам жұмыс істеді. Өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Өрттен келген материалдық шығын мен өрттің шығу себебі анықталуда», - дейді М. Баймбетов Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі.



Соңғы жаңалықтар