Сайрамсу шатқалында екі адам таудан құлап ​кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Төле би ауданында Сайрамсу шатқалына шыққан туристер тобындағы екі адам құлап кеткен. 39-дағы әйел адам көз жұмып, 42 жастағы ер адамды ауыр күйде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 тамызда «112» құтқару қызметіне Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында Қасқасу ауылынан 30 шақырым жерде туристер тобы тауға шығып, жоғалып кеткен. Бұл туралы таудан шыққан туристер тобының мүшесінің бірі хабарлаған.

«Оқиға Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында, Сайрамсу тау шатқалында, «Сайрам« мұздығында, теңіз деңгейінен 4 236 м биікте болған. Бастапқы мәлімет бойынша 5 адамнан құрылған топ 23 тамызда сағат 18.05-те тауға шыққан. Содан кейін олар таудан түсіп келе жатқан қарсы топтан көмек сұрап, олардан арқан сұраған. Олардың айтуынша,1978 жылы туған ер адам мен 1981 жылы туған әйел шатқалға құлап кеткен», делінген хабарламада.​

Аталған аумақ бойынша басшы Рахымжан Бекенбаевтың басшылығымен құрамында 5 адам бар құтқарушы тобы сол күні кешке шықты. Құтқарушылар көлікпен жазғы кемпингке жетіп, әрі қарай көлікпен жүру мүмкін болмағандықтан жаяу жүрген.
«Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша құтқару тобы теңіз деңгейінен 3 500 м биікте 42 жастағы зардап шеккен ер адамды тапты (қабырғасы сынған, үсіген, тыныс алуы қиын, жағдайы ауыр). 39-дағы әйелдің денесі теңіз деңгейінен 3 800 м биікте табылғандықтан, сағат 15.00-де құтқарушылар әйелдің денесін төменге түсіру үшін тағы 300 метр жоғары көтерілді.​ Құтқару операциясы тік жартастарға, мұз шөгіндісіне байланысты қиынға соқты. Құтқарушылар альпинист жабдықтарын қолдануда», делінген хабарлама.
Айта кетерлігі, шымкенттік құтқарушылар жыл басынан бері іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу үшін тауға 4 рет шыққан. Нәтижесінде 4 адам құтқарылған (оның ішінде 2 бала, 1-еуі қайтыс болған).


Соңғы жаңалықтар
telegram