Сайран көліне мас күйінде суға түскен алматылық құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі құтқарушылармен бірігіп Алматының су қоймалары мен өзендерінде рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайран көліне мас күйінде суға түскен алматылық құтқарылды

29 маусымында құтқарушылар «Сайран» су қоймасының айналасын бақылап жүрген кезде мас күйінде суға түсіп, ағып бара жатқан 1977 жылы туған Ш. есімді азаматты құтқарды.

Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, адамдардың көбісі суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, мас күйінде суға түсу сияқты себептермен мерт болып жатады

Айта кетейік, рейд суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғаса береді.