Сайран өзеніне 49 жастағы ер адам батып кетті
АСТАНА. 21 шілде.ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданындағы Сайран өзеніне кеше, суға шомылған кезінде 49 жастағы ер адам батып кетті,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми сайтынан.
Батып кеткен адамның мәйіті ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.