«Сбербанк» ЕБ АҚ Магнум супармаркеттерінің құрылысын қаржыландырады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Сбербанк»АҚ-ның Қазақстандағы еншілес банкі мен «Магнум»ЖШС өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Меморандумға сәйкес «Сбербанк»АҚ «Магнум» ЖШС-нің биыл құрылысы басталатын 2 сауда үйін қаржыландырмақ.
«Магнум» ЖШС-мен қол қойылған келісім қазақстандық бизнесті дамытуға, оның ішінде жартылай ритейлді дамытуға бағытталған шара. Біздің банктің бұл жобаға қатысуы Магнум компаниясының қаржылық әлеуетін ұлғайтады. Бұл өз кезегінде бизнестің өзара әріптестігі мен елдің экономикасын дамытуға мүмкіндік береді», дейді «Сбербанк» ЕБ АҚ-ның басқарма төрағасы Александр Камалов.
Ал «Магнум» ЖШС-нің директоры Александр Гарбердің айтуынша, қазіргі кезде жобаны жүзеге асыру тұрақты қаржы көзінсіз мүмкін емес. «Бұндай қаржы көзі біз үшін «Сбербанк» АҚ болып отыр. Оның қаржыландыруымен алдағы уақытта Алматыда 2 супармаркеттің құрылысын бастайтын боламыз», деді А.Гарбер.