Сбербанк Еуропа нарығынан кетіп жатыр

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Сбербанк Еуропа нарығынан кетіп жатыр, бұл туралы кредиттік ұйымның мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сбербанк Еуропа нарығынан кетіп жатыр

«Қазіргі жағдайда Сбербанк Еуропа нарығынан кету туралы шешім қабылдады. Еншілес банк бөлімшелері аса ірі көлемде қаржыны жылыстату фактілеріне тап болып, қызметкерлер мен бөлімшелердің қауіпсіздігіне қауіп төнуде», - деді банктен.

Хабарламада Ресей Федерациясының Орталық банкінің нұсқауына сәйкес Ресей Сбербанкі Еуропадағы еншілес банктерді жеткілікті деңгейде қаржымен қамтамасыз ете алмайтындығы айтылған.