«Сбербанк» менеджерлері ҰБК есепшотынан ақша алып жүрген Сейітқазы Матаевты таныды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2005-2006 жж. кезеңінде «Ұлттық баспасөз клубы» есепшотынан 606,8 млн теңге ақша шешіп алған. Оны ҰБК чегі бойынша шешіп алған сотталушы Сейітқазы Матаев болып шықты, мұны сот залында куәгер болып келген ҰБҚ жұмыс істеп тұрған кезде Алматыдағы «Сбербанк России» АҚ менеджері растады.

«Сбербанк» менеджерлері ҰБК есепшотынан ақша алып жүрген Сейітқазы Матаевты таныды

«Сейітқазы Матаев біздің клиент еді, банкке келіп, көшірме-үзінді, төлемдерді алып тұратын, Ұлттық баспасөз клубының басшысы болды. Кейде маған электрондық кезек бойныша келгенде банк операцияларын жасаған болатынмын. Менің қолым қойылған чектен көріп отырғандарыңыздай, Сейітқазы Матаев өзі келіп ақшаны шешіп алып жүрді», - деді «Сбербанк России»  АҚ менеджері Фархат Сайқназаров.

Оның қомақты қаражатты алғанын Астанадағы Орталық сот сараптама институтының сарапшысы Бауыржан Рысқалиев те растады. Оның есебіне сәйкес 2010-2015 жж. ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «ҚазТАГ» ХАА-мен жалпы сомасы 169 млн теңге сомасында мемлекеттік саясатты ақпараттық жариялау туралы бірқатар шарттар жасасқан.

Сараптама қорытындысына сәйкес 2010-2015 жж. Сейітқазы Матаев 474 млн 369 мың теңге қолды еткен, оның 55 млн теңгесі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында келіп-түскен қаражат.

Еске салсақ, кеше сот талқылауы барысында «Бизнес-аудит» тексеруі 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 25 ақпан аралығында 606 млн 809 мың 785 теңге, оның ішінде Сейітқазы Матаевтың чек кітапшасы бойынша 474 млн 369 155 теңге шешіп алынғаны анықталды.

Сондай-ақ, тексеру Сейітқазы Матаевтың мейрамханаларда жеке тұлғалардың шығындарына қоғамдық бірлестіктің 269 млн теңгеден астам қаражатын демеушілікпен жұмсағаны анықталды. Оның ішінде жақын туыстары да бар.