Сбербанк мұнай бағасының $25 дейін құлдырауына дайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Сбербанк 2016 жылғы жоспарын мұнай баррелінің бағасы 25 долларды құраған жағдайдағы есеппен бастады, деп хабарлады Сбербанк басшысы Герман Греф.

Сбербанк мұнай бағасының $25 дейін құлдырауына дайындалды

Оның пікірінше, мұнайдың мұндай бағалары жағдайында ресейлік валютаның долларға шаққандағы құны "80 рубльді" құрауы мүмкін.

Сейсенбі күндіз Brent маркілі мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 31,5 долларды құрады.

Сбербанк басшысының пайымдауынша, мұнайдың бағасы осындай төмен деңгейде сақталмауы тиіс, алайда оның көтерілетіндігіне де сенім жоқ.
Фото: ЕРА