Сібір тауешкісі Алматы қорығында фототұзаққа түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы мемлекеттік табиғи қорығында Сібір тауешкісі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

ыч
Фото: рман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Сібір тауешкісі – Алматы мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін төрт ашатұяқты сүтқоректінің бірі. Қорық аумағында ол теңіз деңгейінен 1200-4000 метр биіктікте кездеседі.

– Жазда тауешкілер биік таулы аймақтарға көтеріліп, құзды және тастақты беткейлерді мекендейді. Ал қыста қар қалың түскен кезде қорек іздеп төменгі белдеулерге, кейде тау етегіне дейін түседі, – делінген комитет хабарламасында.

Сібір тауешкісі тік жартастар мен құздарда еркін қозғалады. Ол таудың қатал табиғи жағдайларына жақсы бейімделген.

Комитет мәліметінше, Сібір тауешкісінің кадрлары 2026 жылы қорық аумағына орнатылған фототұзақтарға түсірілген.

Айта кетейік, Үстірт қорығындағы жануарлардың табиғат аясындағы тіршілігі фототұзаққа түсірілді.