SCAT әуе компаниясы «Алматы-Петропавл» рейсінің кідіру себебін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясының «Алматы-Петропавл» рейсі кідіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

SCAT әуе компаниясы «Алматы-Петропавл» рейсінің кідіру себебін түсіндірді

«Кідірудің себебі әуе кемесінің кешірек келуімен байланысты болып отыр. Әуе кемелері рейстің орындалуын кезек-кезегімен жүзеге асырады. Егер мұның алдындағы әуежайдан ұшақ кешірек ұшып шықса, сәйкесінше кідіріс бұдан кейінгі рейстерге де әсер етуі мүмкін. Жолаушыларға бұл жағдай алдын ала ескертілді. Әуе компаниясы осы ыңғайсыздыққа байланысты кешірім сұрайды», - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бұдан бұрын аталмыш әуе компаниясы өзінің жолаушыларына хабарлама таратқан болатын.

««SCAT» әуе компаниясы 01.09.18 күні DV737 «Алматы-Петропавл» рейсінің өзгертілгені туралы хабарлайды. Ұшып шығу 16:30, ұшып жету 18:35. Осы ыңғайыздыққа байланысты кешірім өтінеміз», - делінген мәтінде.