SCAT әуе компаниясы әуе рейстерінің кешігу себебін түсіндірді

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, SCAT әуе компаниясының Ақтаудағы хабтық әуежайында бірнеше халықаралық рейс бөгелді. Олар транзиттік жолаушыларды күткен. Кестенің бұзылуы салдарынан тізбектеле келе Қазақстан ішіндегі рейстер де бөгеле бастады.
«Бүгінгі таңда жағдай түзелді десек те болды. Жолаушыларға алдын ала ескертілді. Мұндай оқиға жиі болып тұрады. Рейстердің қалпына келуі біршама уақытты талап етеді. Қазір әуежайдағы жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, қонақ үйлерге жайғастырылды. Әуе компаниясының басшылығы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, кеше еліміздің түкпір-түкпірінен желі қолданушылары SCAT рейстерінің кешігіп жатқанын айтып жазба қалдырған болатын. Олардың ішінде әнші Әли Оқапов та бар. Жолаушылар Қостанай, Өскемен, Қарағанды және басқа да бағыттарға ұша алмаған еді.
Еске сала кетсек, таңертең Алматы халықаралық әуежайында 14 рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді