SCAT әуе компаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына апатты жағдайда қонды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы SCAT әуе компаниясының DV834 әуе кемесі салонында саңылаудың пайда болуына байланысты апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Қону қаупі болғанымен ұшақ аман-есен қонғанын хабарлайды. Ұшақ бортында экипаждың 5 мүшесі және 42 жолаушы болды», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

«Ұшақ апатты жағдайда қонады деп күткендіктен бір чартерлік рейс пен Эйр Астана әуе компаниясының КС 280 рейсі қосалқы аэродромға ұшырылды. FlyArystan әуе компаниясына тиесілі КС 7056 рейсі кейінге қалдырылды», - деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта елорда әуежайы штаттық режімде қызметін жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар