SCAT әуекомпаниясы 5 жыл бойы жалға алған аңшылық алқабының салығын төлеуден жалтарған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысының прокуратурасы мемлекетке SCAT авиакомпаниясына табысталған аңшылық алқабын қайтарып берді. Компания 5 жыл бойы салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдеді. 

прокуратура
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

2019 жылы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған. Шарттың 3-тармағына сәйкес, пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған. Алайда, «SCAT авиакомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аудармай келген. Компания 5 жыл бойы салық төлемей келген

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған басқармамен бұйрық шығарылып, шартты бұзу жолымен аңшылық алқабын мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

 

 

Соңғы жаңалықтар