SCAT Қазақстаннан Киевке ұшуды уақытша тоқтатады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - SCAT әуежай компаниясы Киевке ұшуын наурыздың соңына дейін тоқтатады.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, рейстер 1 наурыздан бастап тоқтатылып, тек 30 наурыздан кейін қайта жанданады. Бұл шешім Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды. Наурыз айына билет сатып алған жолаушыларға оның 100% құны қайтарылады.