SCAT өкілдері Токиоға билет сатып алуға қатысты туындаған мәселеге пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - SCAT Токиоға билет сатып ала алмау төңірегіндегі түсінбестікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

SCAT өкілдері Токиоға билет сатып алуға қатысты туындаған мәселеге пікір білдірді

«Қазіргі уақытта рейс жүйеге енгізілді. Билетті таяу уақытта сатып алуға болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне SCAT әуе компаниясының ресми өкілі Виктория Старожилова.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде SCAT әуе компаниясының ресми сайтынан Нұр-Сұлтан-Токио рейсіне билет сатып алу мүмкін емес екендігі жазылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламентң Сенатында өткен көлік-логистикалық қызметтерді дамытуға арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев 6 шілдеден Нұр-Сұлтан-Токио бағытында әуе рейстерінің орындалатындығын айтқан болатын.

«6 шілдеде «СКАТ» әуе компаниясы мемлекеттік қолдаумен және субсидиялаумен Токиоға рейстер ұшырады. Сондықтан виза болған жағдайда осы рейстің мүмкіндігін пайдалануға болады»,- деген еді вице-министр.