SCAT ұшағы Астана әуежайына қона алмай, қайтадан Алматыға ұшып кетті

ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Ауа райының қолайсыздығынан Алматыдан ұшқан SCAT ұшағы Астана әуежайына қона алмай, қайтадан Алматыға ұшып кетті, деп хабарлайды Kazinform компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астанада боран соғып тұр және жол көрінбейді. Бүгін түнгі бірде ұшақ қайтадан Алматыдан ұшады деп жоспарланған. Экипаж ауа райының жақсарғанын күтіп отыр», — деп жауап берді SCAT команиясы агенттік сауалына.

Айта кетейік, Астанада ауа райы күрт бұзылды.

Атап айтқанда, бұрқасын көтеріліп, қар жауып тұр, желдің жылдамдығы 28 м/с жетті.

Осыған байланысты Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауын және абай болу керектігін еске салды

Соңғы жаңалықтар