Щучье қаласында екі жасар баланы ит қауып, опат болды
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында екі жасар баланы көршісінің иті талап, опат болы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспаөз қызметінің мәлімдеуінше, ересектердің қарауынсыз қалған сәби көршісінің ауласына кіріп кеткен. Байлаудағы ротвейлер тұқымды ит балаға бассалған. Іле-шала жеткен баланың анасы оған еш қайран жасай алмаған. Жедел жәрдем жеткенше нәресте көз жұмған.
Бұл өңірдегі осындай екінші қайғылы оқиға. Ақкөл қаласында қақаған қыс айында атасының үйінен сүт әкелуге кеткен М.есімді кішкене қыз баланың ажалы байлаулы иттің қауып алуынан болған еді.