Щучьеде көлік тұрбасынан шыққан газға уланған екі адамның бірі көз жұмды, екіншісінің жағдайы ауыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Щучье қаласында гаражда тұрған көліктің ішінде болған екі ер адамға иіс тиген. Оның бірі – 39 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучьеде көлік тұрбасынан шыққан газға уланған екі адамның бірі көз жұмды, екіншісінің жағдайы ауыр

Ведомствоның мәліметінше, көз жұмған ер адам 1980 жылғы. Ал, оның қасында болған 1981 жылғы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің де көлік тұрбасынан шыққан газдан уланғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.