Щучинскіде ҚР әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған спартакиада өтуде

ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат – Щучинск қаласында жас патриоттардың бірінші спартакиадасы басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Щучинскіде ҚР әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған спартакиада өтуде

Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған жарысқа «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері, жалпы саны 80-ге жуық жасөспірім қатысуда.

«Жарыстар Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж және Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында өтіп жатыр.

Төрт күн бойы жасөспірімдер пневматикалық мылтықтан оқ атудан, белтемірге тартылудан, шаңғы жарысы және әскерилендірілген эстафетадан жарысып, бақтарын сынайды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталады», - делінген министрлік хабарламасында.