Щучинскіде өтетін шаңғыроллер бойынша ҚР Чемпионатына ұлттық құраманың шаңғышылары қатысады

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Щучинскіде шаңғыроллер бойынша жалпы физикалық дайындықтан ҚР Чемпионаты басталды. Жарысқа Қазақстанның 9 облысынан 170 спортшы қатысуды.

Щучинскіде өтетін шаңғыроллер бойынша ҚР Чемпионатына ұлттық құраманың шаңғышылары қатысады

Еліміздің үздік спортшылары үш бағытта анықталатын болады: ойлы-қырлы жерлермен жүгіру, классикалық жүріс бойынша және конькимен жүруден жарыс.

Бас жаттықтырушы Александр Батяйкиннің ұсынысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ҚР Чемпионатына қатысады. «Олар Сочиде болатын Олимпиада ойындарына жанталаса дайындалуда, бірақ осы жарыстарға да қатысуы тиіс. Біздің ойымызша бұл басқа спортшыларға өз мүмкіндіктері мен дайындықтарын салыстырып, алға ұмтылуға түрткі болады», - деп атап өтті бас бапкер.

Ұлттық құраманың шаңғышылары бүгін Болгариядан оралды, онда 2014 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық бойынша кезекті жиын болып өткен болатын.

Жарыстың нәтижелері 30 қыркүйек күні анықталады.

Шаңғы жарыстарының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» АҚ.