Щучинскіде жас жігіт 5-ші қабаттан секіріп кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 20 жастағы жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучинскіде жас жігіт 5-ші қабаттан секіріп кетті

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға бүгін Щучинск қаласындағы Боровской көшесі, № 66-үйде болған.

«Сағат 16:15 Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Щучинск қаласының тұрғыны телефон шалып, 5-қабаттағы терезеден жігіттің секіріп кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетті», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Ведомствоның дерегі бойынша, жігіт Біржан сал ауданы Үлгі ауылының 20 жастағы тұрғыны осылайша өз өмірімен қоштаспақ болған.

Жігіт түрлі дене жарақтымен Щучинскідегі аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.