10:49, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Себастьян Феттель Бахрейнде «Формула-1» Гран-приін еншіледі
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бахрейнде автожарыстың «Формула-1« чемпионатының төртінші кезеңінде Гран-приді «Ред Булл» командасының саңлағы Себастьян Феттель жеңіп алды.
Бұл үш дүркін чемпионның аталмыш маусымдағы екінші жеңісі. Бұған дейін ол Малайзиядағы Гран-приді олжалаған болатын.
Бахрейндегі бәйгеде «Лотус» командасының шабандозы Кими Райкконен мәре сызығын екінші болып кесті. Оның құрамадағы әріптесі Ромен Грожан үшінші жүлдеге ілікті.