Сечин енді бес жылдан кейін мұнай бағасы 150 долларға жетеді деп санайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Роснефть» компаниясының президенті Игорь Сечин енді бірнеше жылдан кейін мұнай бағасының баррелі 140-150 долларға дейін өседі, деп санайды. Бұл туралы ол Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Бүгінде әлемде жұмыс жасап тұрған байырғы кеніштердің қоры азайып келеді. Енді алдағы уақытта нарық біздің инвестицияларымызды ақтайтын баға ұсынары сөзсіз. Бес-жеті жылдан кейін баррелі 140, тіпті 150 долларға дейін жетуі әбден мүмкін. Оны уақыт көрсетеді», - деді Сечин.
«Роснефть» басшысы жақында ашылған Карск теңізіндегі кеніштен мұнай өндіру жеті жылдан кейін басталатынын айтты. «Мұнай өндірісі мұнда орташа есеппен жеті жылдан кейін басталады. Егер нарық бізден жұмысты шапшаңдатуды талап етсе, біз оны жеделдете аламыз», - деді ол.
«Бүгінде біз тапқан мұнай химиялық сипаттамасы жағынан Siberian Light мұнайының сапасына сәйкес келеді. Brent деңгейіне де жетіп қалуы мүмкін. Қайткенде де біздің инвестицияларымыз өзін ақтайды деп сенемін», - деп қосты ол.
Қыркүйектің соңында мұнайға әлемдік бағалардың төмендеуіне байланысты сұраққа ол, ол барреліне 90 баррельден төмендемейді, «Роснефть» бюджеті мұндай төмендеуден зардап шекпейді, деп жауап қайтарды.
«Мұнай баррелінің бағасы 90 доллардан төмен түспейді. Бұл бірқатар факторларға байланысты. 90 доллар да жаман баға емес., Онымен жұмыс жасауға болады. «Роснефть» бюджеті зардап шекпейді», - деді Сечин.