Сегіз боксшымыз - ширек финалда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокта бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сегіз қазақстандық боксшы ширек финалға шықты.

Сегіз боксшымыз -  ширек финалда

Атап айтқанда, 46 келі салмақта Ертуған Зеинилов, 52 келіде Иван Ковалев, 56 келіде Зауырбек Сұлтан ширек финалға шықты. Сондай-ақ 60 келіде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, «2013 жылғы Азияның ең үздік жасөспірім боксшысы» атанған Абылайхан Жүсіпов те ширек финалда.

64 келіде Аян Қалибеков, 69 келіде Илья Ошкин, 75 келіде Бекжан Бакиров, 91 келіде Темірлан Қабиев те ширек финал кезеңіне жолдама алды.

Ширек финал кездесулері бүгін, 28 қаңтарға жоспарланған, деп хабарлайды «Аламан».