Сегіз жұмысшы қираған ғимарат астында опат болды, тағы 9-ы жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кот-д'Ивуардағы ғимаратты бұзу кезінде кемінде сегіз адамның өмірі қиылып, тағы тоғыз адам жарақаттанды.

Сегіз жұмысшы қираған ғимарат астында опат болды, тағы 9-ы жарақаттанды

Бұл оқиға елдің ірі қаласы Абижанда орын алды. Agence France Presse хабарлағандай, жергілікті билік орындарының мәліметінше, қауіпті құрылыстарды бұзу бағдарламасының аясында 20 адамнан құралған бригада Аттекубе ауданында төрт қабатты ғимаратты бұзу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте белгісіз себептермен ғимарат қирап қалған. Болған жағдай тергеліп жатыр. Ғимаратты билік орындарымен жұмыс жүргізуге келісімшарт жасасқан жекеменшік фирманың жұмысшылары бұзып жатқаны белгілі болды.