18:57, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Сегізаяқ Голландия құрамасының 2010 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жететінін болжап берді
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Немістің Оберхаузенінің акваорталығындағы бүкіл әлемге танымал Пауль есімді сегізаяғы Голландия құрамасының әлем чемпионатында Испанияға қарсы финалдық матчында жеңімпаз болатынын болжап берді, деп хабарлайды РБК.

Осыған дейін Пауль таңғаларлық нақтылықпен Германия құрамасының қатысуымен болатын барлық матчтардың нәтижелерін доп басып болжап отырды, оның ішінде Сербия мен Испаниядан жеңілетіні де бар.
Бір қызығы, соңғы кездері сегізаяқтың болжаулары әлемге әйгілі бола бастады, осы сөзімізге дәлел ретінде Англияда дүниеге келген былқылдақ денелі Паульдің ӘМ-2010 финалисін таңдау шарасын тікелей эфирде бір мезетте бірнеше телеарна көрсетті. Паульге әрқайсысында құрамалардың жалаулары бекітілген екі жәшік тамақ береді. Сейсенбі күні Пауль «испандық» жәшікті ұнатты. Ал енді сегізаяқ голландықтарды таңдап отыр.
Соңғы рет көріпкел-сегізаяқ Еуро-2008-де қателесті. Испания мен Германияның финалдық бәсекесінде ол немістерге жеңісті болжап берген еді.