Сегізаяқ Пауль тағы да «сәуегейлігін» паш етпек

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Сәуегей-сегізаяқ Пауль 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтініш беріп отырған Англияның елшісі атанып отыр. Англияның осы жобадағы тағы бір елшісі, «Ливерпуль» клубы мен ел құрамасының бұрынғы ойыншысы Джон Барнстың айтуынша, сегізаяқ Пауль Оңтүстік Африкада өткен әлем біріншілігінен кейін футбол әлемінде маңызды тұлғаға айналып отыр.
None
None

«Менің ойымша, сегізаяқ Паульдің соңынан көп адам ереді», - дейді Барнс.

Англияның мундиальды өткізуге беріп отырған өтінішіне ел құрамасының Дэвид Бекхэм және Рио Фердинанд сияқты атақты футболшылары, "Формула-1 жарысының 2008 жылғы жеңімпазы Льюис Хэмилтон, музыканттар Ноэль Галлахер мен Стинг қолдау көрсетіп отыр.

2018 жылғы футболдан әлем біріншілігін өткізу құқығына Англиядан басқа Ресей, АҚШ, Австралия, Бельгия мен Нидерланды (бірлесіп) және Испания мен Португалия (бірлесіп) таласуда.

Футбол қауымдастықтары халықаралық федерациясының атқарушы комитеті бұл мәселе бойынша нақты шешімді алдағы желтоқсан айында қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар