10:07, 27 Қазан 2015 | GMT +5
Сегізінші қабаттан бір-біріне байланған ақжаймамен түспек болған бойжеткен ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волгоградтан келген бойжеткен Петербордың Киров ауданында биіктен құлап, қаза тапты. Марқұм бір-біріне байланған ақжайма арқылы сегізінші қабаттан түспекші болған.

Жетінші қабатта ол өз-өзін ұстай алмай, жерге құлап кеткен. Артынша жеткен жедел қызмет оның қаза тапқанын анықтады.
Апат дүйсенбіде таңертеңгі сағат 08.55-те орын алды. Бойжеткен Леня Голиков көшесі бойындағы 31/3-үйдің сегізінші қабатынан ақжайманы бір-біріне байлап төмен түспекші болған. Жетінші қабатқа жеткенде, ол құлап кеткен. Оқиға орнына полицейлер мен дәрігерлер келді. Олар оның қаза тапқанын анықтады.
Расталмаған деректер бойынша қаза тапқан әйелдің жасы 32-де. Ол солтүстік астанаға Волгорадтан келген.