Сексеуіл кентіне 20 млрд. теңге бөлінеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне 20 млрд. теңге бөлмекші, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Теміржол басшылығы әлеуметтік салаға сол қаржының 3 млрд. теңгесін салуды жоспарлап отыр. Оған теміржол құрылыс кәсіпорындары арқылы жаңа теміржол вокзалы ғимараты, екі пәтерлі 64 қызметтік тұрғын үй, 300 орындық мектеп спорт залы, 280 орындық балабақша, 3,3 шақырым айналма жол, теміржол мекемелеріне қызмет көрсететін нысандар салынады, делінген хабарламада.