Сел тасқыны ағызып әкеткен қырғызстандықтың мәйіті Өзбекстаннан табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сел тасқыны ағызып әкеткен қырғызстандықтың мәйіті Өзбекстаннан табылды, деп хабарлады КирТАГ Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Абад облысы Совет-Сай Жалал ауылында 5 шілдеде сағат 16:00 нөсерлі жауын салдарынан сел болды. Сел 28 жастағы Медербек Раевты Өзбекстанның Касан-Сайский ауданы Абадан Касан ауылына қарай ағызып әкетті», - деп хабарлады ТЖМ.
Аталып өтілгендей, сағат 22:00 Өзбекстанның шекарашылары ер адамның мәйітін тапты. Медициналық сараптамадан кейін М. Раевтың мәйітін Қырғызстанға тапсырады.