Сел тасқыны жайлы жалған ақпарат таратушылар жауапкершілікке тартылады - Алматы қ. ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Қарғалы өзенінде орын алған сел тасқыны жайлы әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бүгін Алматыда қаласында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлім етті.

«Қазір Алматы қалалық ішкі істер департаментінде арнайы тергеу оперативтік тобы құрылды. Бұл топ сел тасқыны жайлы ұялы телефондар және әлеуметтік желілер арқылы таратылған жалған ақпараттарды, бейнекөріністер мен фотосуреттерді зерттеп жатыр. Жалған ақпараттарды таратушылардың аты-жөндері анықталып, олар жауапқа тартылатын болады. Мұндай жалған ақпараттарды тарату ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық әрекет болып табылады. Яғни, заң бойынша мұндай ақпараттарды таратушыларға қатысты 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді С.Әзірбек.

Сонымен қатар ол қазір сел тасқыны болған аймақта қазір полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.

«Қазір сел тасқыны болған аймақта барлығы 500-ге тарта полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін атқарып жатыр. Оқиға аймағына бірқатар бақылау пункттері орнатылды. Қазіргі сәтте қандайда да бір қылмыстар немесе қараусыз қалған үйлерді тонау әрекеттері тіркелген жоқ», - деді С.Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар
telegram