Селфи жасамақ болған ер адам Португалия королінің мүсінін қиратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияда сәтті селфи жасауға әрекеттенген ер адам тұрғызылғанына 126 жылдан асқан XVI ғасырдағы король мүсінін қиратты.

Селфи жасамақ болған ер адам Португалия королінің мүсінін қиратты

Ер адам Лиссабонда Росиу темір жол вокзалындағы Португалия королі Себастьян l-дің мүсініне өрмелеп шығып итерген кезде оны құлатып алған. Бұл келеңсіз жағдай 3 мамырда түн ортасында орын алды.

Ойлағаны болмай сәтсіздікке ұшыраған фотоәуесқой оқиға болған жерден ізін суытуға тырысқан. Бірақ полицейлер оны тап бастырмады.

Қолына қалқан мен қылыш ұстаған король Себастьян l-дің мүсіні 189 жылы воксалдың кіре берісінде аркалардың арасында орнатылған, деп хабарлайды Reuters.